Үндістанда шығатын болат пен алюминийге АҚШ-тың баж салығын көтеруі салдарынан Нью-Дели АҚШ-тан келетін 30 тауардың импортына жеңілдік тарифтерін алып тастайды. The Indian Express басылымы таратқан ақпарға сәйкес, бұл туралы Үндістан Дүниежүзілік сауда ұйымына мәлім еткен.
ТАСС таратқан ақпарға сәйкес, Үндістанның кедендік жеңілдіктерді алып тастауына байланысты сомасы Құрама штаттардың Үндістанның болаты мен алюминийіне баж салығын көтеру сомасымен сәйкес келетіндігі хабарланады.
БАҚ таратқан ақпарға сәйкес, бор қышқылына, бірқатар металл өнімдері мен жасымыққа және өзге де тауар түрлеріне баж салығы көтеріледі.
NDTV телеарнасы Үндістан қолданылған шаралардан $239 млн түсім алуға ниетті екендігін хабарлайды. Өз кезегінде, АҚШ-тың салған баж салығы Үндістанға $241 млн сомма көлемінде шығады.
Атап өтерлігі, наурызда АҚШ бірқатар мемлекеттерге (соның ішінде Үндістанға) алюминийге 10 пайыз, болатқа 25 пайыз импорттық баж салығын көтерген еді.