Ауғанстан билігі және радикалды «Талибан»* қозғалысы арасындағы бейбіт келіссөздер 28 маусымда Бакуде өтеді. Бұл туралы АПА агенттігі дипломатиялық дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады.
Кездесу барысында Ауғанстан үкіметінің және «Талибан»* қозғалысының ресми өкілдері арасында бейбіт келіссөздер өтеді. Ауғанстан үкіметінің атынан келіссөзге сыртқы істер министрінің орынбасары Хикмат Халил Карзай қатысады. «Талибан»* қозғалысынан да өкіл қатысады.
Бұған дейін «Талибан»* қозғалысы үкіметтің ізімен үш күн қақтығысты тоқтатуға ниетті екендерін жариялады. Сенбіде ел билігі қозғалыспен достастық күнін тағы он күнге созды. «Талибан»* өз кезегінде үкіметтің бұл бастамасын қолдамайтындарын алға тартты.
Талибан* – 2005 жылдың 15 наурызында Жоғары соттың шешімімен Қазақстанда тыйым салынған шетелдік лаңкестік ұйым.
Сафина Саид