Ресейліктер зейнет жасының ұлғаюына наразы

0
210

Ресейде зейнеткерлік жастың ұлғаюына қарсы наразылық шеруі өтуде. Наразылық шеруінің жалпы аумағы 39 қаланы қамтыды.

Қоғамдық пікірдің қорытындысына сәйкес Ресей халқының 80 пайызы зейнет жасының ұлғаюына наразы

Қабылданған заңнамаға қарсы наразылық шеруін алғашқылардың бірі болып Коммунистік партияның, Либералдық-демократиялық партияның, «Адриан России», «Яблоко» және кәсіподақтар партиясы ұйымдастырған.

14 маусым Ресей үкіметінде зейнеткерлік жасты ұлғайту туралы заң жобасы мақұлданып, екі күннен кейін ол Мемлекеттік Думаға жіберілді. Құжатқа сәйкес, ерлер үшін зейнеткерлік жасты 60 жастан 65 жасқа дейін, әйелдерге – 55 жастан 63 жасқа дейін ұлғайту жоспарлануда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз