Кадрлық ауыс-түйіс

0
103

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Ерғали Серікбайұлы Мерзадинов ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры қызметіне тағайындалды.

Сонымен қоса, Дархан Аманұлы Кәлетаев Президенттің Өкімімен ҚР Қоғамдық даму министрі қызметіне тағайындалды.

Хабарламада «Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылсын», – делінген.


Бүгін сондай-ақ, Мемлекет басшысы әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз