Ресей құрамасы футболдан әлем чемпионатының төрттік кезеңінде Хорватия құрамасынан жеңіліс тапты.
БАҚ таратқан ақпарға сәйкес, ойынның 31-ші минутында Ресей құрамасынан Денис Черышев қарсылас құраманың қақпасына гол салды, өз кезегінде хорваттықтар есе жібермей, ойынның 39-шы минутында есепті теңестірді.
Ойынның 101-ші минутында қорғаушы Домагой Вида хорват құрамасын алға шығарып, қарсылас құрамаға бір доп салса, матчтан кейінгі пенальтиде Хорватия 4:3 есебімен Ресей құрамасын жеңді.
Хорватия құрамасы 1998 жылдан бері футболдан әлем чемпионатының жартылай финалына алғаш рет өтті. Франциямен өткен турнирде хорваттықтар үшінші орынға табан тіреген еді.
Турнирдың жартылай финалында Хорватия құрамасы Ұлыбритания құрамасымен ойын көрсетеді. Матч 11 шілдеде Мәскеуде өтеді, ойын Мәскеу уақытымен сағат 21:00-де басталады. Кезекті жартылай финалда сондай-ақ Франция құрамасы мен Бельгия кездеседі.
Атап өтерлігі, әлем чемпионаты 15 шілдеде мәресіне жетеді.
Путин пікір білдірді
Өз кезегінде, Ресей құрамасының хорваттықтардан жеңіліс тапқанына РФ президенті В. Путин пікір білдірді. Интерфакс таратқан ақпарға сәйкес, бұл туралы БАҚ өкілдеріне Путиннің баспасөз хатшысы Д. Песков хабарлаған.
“Путин матчты қарады, жанкүйерлік етті. Біздікілер өте әділетті ойында жеңіліс тапты. Бірақ, біз үшін олар жарады. Олар ойын алаңында барларын салды. Біз олармен мақтанамыз”, – дейді Песков. Кейіннен Ресей құрамасының бас бапкері С. Черчесов Путин футболшыларға қолдау көрсетіп, әдемі ойын көрсеткендері үшін алғыс білдіргенін алға тартты.
Ресей құрамасының футболшылары ойыннан кейін өз жанкүйерлерімен кездескен. Риа Новости таратқан ақпарға сәйкес, жеңіліске қарамастан, жанкүйерлер орыс футболшыларына қолдау білдірді.
Сабина Ақтай