Түркияда темір жол апаты

0
421

Түркияда Капыкуледен Ыстамбұлға бағытталған жолаушылар пойызы апатқа ұшырап салдарынан он адам қаза тапты.

362 жолаушысы бар пойыз вагондарының релстен шығып кетуі салдарынан орын алған апатта тағы 73 адам жарақат алған.

Көлік комитетінің мәлімдеуінше темір жол апаты қатты жауған нөсердің салдарынан орын алған.

Жалпы алғанда апат кезінде пойызда 362 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша оқиға орнына 100 жедел жәрдем көлігі, 6 әскери тікұшақ пен 24 құтқарушы барған. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз