Канадалықтар аптап ыстықтан зардап шегуде

0
103
Канаданың Квебек провинциясының шығысында күннің қатты ысуы салдарынан 70 адам көз жұмды. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан қаза тапқандардың көпшілігі Монреаль қаласында тіркелген.
Euronews-тің мәліметінше, маусымның соңынан бері Квебек провинциясының оңтүстік бөлігінде, сондай-ақ, Канаданың атлантикалық аймақтарында ауа температурасы тәулігіне +30 градустан +40 градусқа дейін көтерілуде.
Жергілікті жедел-жәрдем қызметіне тәулігіне жүздеген адам жүгінуде. Қалалық билік тұрғындарды табиғи апаттар туралы ескретпелерге баса назар аударуға шақырады. Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамына сәйкес ауа температурасы +30 градустан жоғары болмақ.

Айта кетейік, 7 жыл бұрын Монреаль қаласында ауа температурасының қатты көтерілуі салдарынан 106 адам көз жұмған болаты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз