Ауғанстанда вице-президентті жарып жібермек болған, 16 адам қаза тапты

0
89
Reuters

Зорлық-зомбылық пен ұрлықта күдікке ілінгеннен кейін Түркияға ізін суытқан Ауғанстанның вице-президенті Абдул-Рашид Дустумды Қабылдағы Хамид Карзай атындағы әуежайда жарып жібермек болған. Бұл туралы Reuters хабарлайды. 

Басылым таратқан ақпарға сәйкес, жарылыс 22 шілде жергілікті уақыт 17:00-де болған: содыр Дустумның жанына жете алмай қалған, өзін ауған арнайы қызметі байқап қалғанын сезіп, бомбаны жарып жіберген. Жарылыс салдарынан 16 адам қаза тапты.

Жарылысқа жауапкершілікті “ДАИШ”* лаңкестік ұйымы алған.

Дустум 2016 жылы Ауғанстанның солтүстігіндегі Джаузджан провинциясында өзінің саяси қарсыласы А. Ишчиді бес күнге ұрлады, сексуалдық зорлық көрсетті және зомбылық жасады деген күдікке ілінген еді. Дустумға ресми айып тағылмады, дегенмен, 2017 жылы мамырда елде ресми сот ісі басталғаннан кейін тергеу-тексеру амалдарынан құтылу үшін ол Түркияға ізін суытты. Сол сәтте Дустумның өкілі Башир Ахмаж Тахьяндж вице-президент Түркияға “медициналық тексерістен өтіп, отбасымен кездесуге кетті”, – деп хабарлаған болатын.

2008 жылы Дустум өзінің өзге саяси қарсыласын ұрлады деп айыпталған еді. Сол уақытта да ол Түркияға кеткен еді, кейіннен Ауғанстанның экс-президенті Хамид Карзайдың талап етуімен Reutersелге қайта оралды.


ДАИШ* – 15 қазан 2015 жылы қабылданған сот шешімі бойынша, Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйымдар қатарына енді.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз