Жапонияда “Аум синрикё”* экстремистік сектасының алты мүшесі өлім жазасына кесілді.
“Лайф” таратқан ақпарға сәйкес, шілденің басында Жапонияда “Аум синрикё”* сектасының жеті жетекшісі мен негізін қалаған Тидзуо Мацумото (Сёко Асахара есімімен белгілі) өлім жазасына кесілген.
“Аум синрикё”* 1987 жылы Сёко Асахараның жетекшілігімен Жапонияда құрылған. 1995 жылдың наурызында секта мүшелері Токиодағы метроға зарин улы затын шашқан. Салдарынан 13 адам қаза тауып, 6,3 мың адам әр түрлі деңгейде уланған.