Қазақстандық 33 жасында Пенсильвания университетінің профессоры атанды

0
110

Қазақстандық Мейрам Мырзабулатов АҚШ Пенсильвания штаты университетінің профессоры атанды.

Мейрам Алматы қаласында дүниеге келген. Ақтөбе қазақ-түрік лицейінің түлегі. Оқушы кезінде математика пәнінен республикалық және халықаралық олимпиадаларда жүлдегер атанған. Мектеп бітірген соң Сүлейман Демирел университетін ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша тәмамдаған. Студент кезінен-ақ жоғарғы оқу орнында математика пәнінен сабақ берген. Магистратураны да аталмыш университетте аяқтап 2012 жылы Болашақ бағдарламасы арқылы АҚШ-қа докторантураға түскен ол бүгінге дейін сонда тұрады.

“Оқуды бітірген соң университетте IT маманы боп қызмет атқардым. Көп ұзамай оқытушы болдым. Ал профессорлық қызметке 20 тамыздан бастап кірісемін”, – дейді Мейрам.

Informburo.kz хабарлағандай жас профессор елге оралып ғылымның дамуына үлес қосқылы келеді. Оның айтуынша елімізде бакалавриат бойынша жақсы оқытады. Ал магистратура мен докторантура біраз кенже қалған. “Ғылыми еңбектердің аздығы зерттеу біліктілігін арттыруды талап етеді”, – дейді ғалым.

“Университеттегі профессорлардың айлығы жылына шамамен 70-80 мың доллар. Маған да осы жалақыны төлейді. Сақтандыру да қарастырылған”, – дейді ол.

Айта кетейік, Пенсильвания университетінің негізі 1855 жылы қаланған. 150 жылдық тәжірибесімен білім беруде әлемнің алпауыт оқу ордаларының қатарынан ойып орын алады. Тек АҚШ-та ғана емес бүкіл әлемге танымалдылығын да ескере кеткеніміз жөн.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз