Біріккен Араб Әмірлігі үндік етін өңдеу мен өндіруде Шығыс Қазақстан облысына 50 миллион доллар инвестиция салуға ниетті. Бұл туралы ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Өнімнің 50 пайызы БАӘ-ге экспортталса, қалғаны республика ішіндегі ішкі нарықта қалады. Агроөнеркәсіптік кешен Бородулиха ауданында орналасады. Өндіріс барысында 150 жұмыс орны құрылмақ.
4 шілдеде Қазақстанға мемлекеттік сапармен Әбу-Даби тақ мұрагері Мұхаммед бин Зайд аль-Нахайян келді. Араб Әмірліктері мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына биыл 26 жыл толды. Осыған орай мемлекет басшысы Н. Назарбаев Әбу-Даби тақ мұрагерін Астананың 20 жылдығына арналған төсбелгімен марапаттады.