Қырғызстанға Қазақстан тарапынан гуманитарлық көмек көрсету қажеттілігі өзектілігін жойды. Бұл туралы Республиканың Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, Қырғызстан тарапының шұғыл көмекке жүгінуі осы жылдың мамыр айында Ош облысындағы көшкін және жер сілкіністеріне байланысты болды.
«Алайда, Қырғыз Республикасының үкіметі шетелдік серіктестердің қолдауымен елдің оңтүстігіндегі табиғи апаттардың салдарын тез арада жеңіп шықты. Осыған байланысты, Қазақстан Үкіметінің бұл шешіміне алғыс білдіре отырып, Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы тарапынан гуманитарлық көмек көрсету қажеттілігі өзектілігін жойғаны туралы хабарлайды», – деп хабарланады.
Атап өтсек, Қырғыз Республикасындағы табиғи-климаттық жағдайларға байланысты Қазақстан үкіметі көршілес мемлекетке гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдаған еді.
Сабина Сайлаубай