Қырғыз шекарасында Қазақстан азаматшасы қайтыс болды – ҚР СІМ

0
97
ашық дереккөзден алынды

70 жастағы Қазақстан азаматшасы қазақ-қырғыз шекарасында қайтыс болды. Бұл хабарды ҚР СІМ растады.

«Иә, азаматша қайтыс болды. 1947 жылғы  Қазақстан Республикасының азаматшасы 13 қазанда Токмок қаласының аумағында қазақ-қырғыз шекарасында қайтыс болды. Алдын ала деректер бойынша, өлім себебі – гипертонияның күрт асқынуы . Әйелдің денесін Қазақстанға алып кетті», – деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі басшысы Әнуар Жайнақов.

Кaktus.media басылымы анықтағандай, Қазақстан азаматшасы 13 қазан күні қазақ-қырғыз шекарасын Тоқмақтағы Дунларов өткізу бекеті арқылы кесіп өткен. Ол Қырғызстанға жаназа намазына қатысуға барған. Қайтар жолда Қырғызстаннан Қазақстанға өтер бақылау бекетінде әйел өзін жайсыз сезінген.

Атап өтерлігі, 10-11 қазанда Қазақстан шекара бекеттерінде жоспарлы операциялар жүргізілді, бұл бақылау бекеттерінде үлкен кезектер тудырған еді.

 

 

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз