Қазақ тілін жетік меңгеруге бағытталған тегін курстар қарашаға дейін жалғасады. Қазақ тілін үйренемін деушілерге арналған оқудың алғашқы кезеңі сәуір айында басталған болатын.
Ұлттық тіл орталығы басшысының айтуы бойынша қазіргі уақытта жетілдіру курсына қатысушылардың басым көпшілігі мұғалімдер мен медицина қызметкерлері.
А1, А2 – базалық, Б1, Б2 – орташа, С1, С2 – алдыңғылар болып 6 деңгейге бөлінетін қазақ тілін меңгеруге бағытталған курста 10-13 адамнан тұратын 51 топ білім алуда. Оқытудың жалпы бағдарламасы 8 айға лайықталған. Сынақты сәтті тапсырғанна кейін оқудан өткендігі туралы сертификат беріледі.