Университет 11,3 миллиард теңгеге сатылып жатыр

0
77

Алматыдағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің акциялары 11,364 миллиард теңгеге сатылып жатыр.

ҚБТУ-ды “ҚазМұнайГаз” Ұлттық компаниясы басқарады. Барлық акцияның бастапқы бағасы – 11,3 миллиард теңге. Сауда түрі – ағылшын әдісі бойынша бағаны жоғарылату. Tengrinews.kz жазғандай ҚБТУ-дың ғимараттары үш жерде орналасқан: басты ғимарат – Төле би көшесі, № 59 үйде, екіншісі Уәлиханов көшесі, № 106 үйде орналасқан “Бектұров атындағы химия институты” АҚ және Қонаев көшесі, № 142 үй, “Д.В.Сокольский атындағы Жанармай, катализ және электрохимия ғылыми-зерттеу институты”АҚ. Сондай-ақ, осы акцияларды сатып алушының 10 жыл уақыт бойы профильдің қызметін сол күйі сақтап, жалғастыруы міндеттелетіні айтылады.

Бұдан бөлек, сатып алушы жатақханалардағы студенттердің бөлмелеріндегі жағдайды бес жыл бойы сол күйі сақтап, ғимараттардың барлығын білім және ғылым қызметтерін көрсету мақсатында қолданып, екі жыл уақыт ішінде мүліктерді иесіздендіріп, оны кепілге қоя алмайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз