Апта басынан әлсіреуден бастаған теңге бүгін таңғы сауда-саттық сессиясының қорытындысы бойынша 363,15-364,8 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Таңғы сессияның қорытындысы бойынша теңге 6,35 теңгеге арзандаған. Ал сауда-саттықтың көлемі -411 450 мың долларды құрады. Бұл жолы өткен аптадағы сауда-саттықпен салыстырғанда 269 900 мың долларға артық сатылды.