21 тамыз таңертең шамамен Өзбекстанның тең жарты тұрғыны мешітте айт намазын оқыды.
УзА таратқан ақпарға сәйкес, Өзбекстандағы 2000 мешітте бір уақытта 15 миллион адам намаз оқыған.
Өзбекстан мемлекеттік комитеті таратқан ақпарға сәйкес, Өзбекстан халқының саны қазіргі уақытта шамамен 32 миллион адамды құрайды. Бұл тұрғыда 21 тамызда елде айт намазына халықтың тең жартысы шықты.
21 тамыз барша мұсылмандар үшін қасиетті мереке Құрбан айт тойланады. Атаулы мейрамға орай барша мұсылман қауым таңертең айт намазын орындап, құлшылық жасайды.