Қазақстан экономикалық өсудің жаңа моделіне көшті

0
146
дереккөзден

Сыртқы экономикалық қатерлерге қарамастан, Қазақстан әлемнің неғұрлым дамыған мемлекеттерінің отыздығына ену бағдарын жалғастырады. “Бұл үшін 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын қабылдау арқылы жаңа экономикалық даму үлгісіне өту үрдісі басталды. Оның негізі өңірлері мықты дамыған, жаңа, технологиялық, экспортқа бағдарланған экономика қалыптастырудан тұрады”, – деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Министрдің сөзінше, жаңа экономикалық үлгіге 7 жүйелі өзгеріс пен 7 басым саясат басты үйлесім болып саналады. Осының ішінде адам капиталы басты негізге алынған.

Аталған тың үдерістерді жасақтау аясында әрі экономиканың жаңа мамандарға сұранысына орай кәсіби кадрларды дайындаудың барлық жүйесіне қайта бағдарлану; елде жаңа инновациялық индустрия құру; жеке секторды жандандыру; сот жүйесін халықаралық стандарттарға жақындату; республика өңірлеріндегі теңгерімсіздікті жою; қоғамдық сананы жаңғырту; мемлекеттік органдар мен ұйымдардың рөлін арттыру міндеті тұр.

Аталған мақсаттардың жүзеге асырылы арқасында Қазақстанның экономикалық дамуы жылына орта есеппен 4,5-5% қарқынды қамтиды, деп мәлідеді Сүлейменов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз