28 жыл өмірі аралда өтті..

0
345

78 жастағы итальяндық қария Мауро Моранди 28 жыл өмірін Буделли аралында өткізді.

Қария Буделли аралына 1989 жылы келген. Теңізде жүзіп жүргенде қайығы бұзылып аралға аман жетеді. Содан бері Буделлиде қалуды ұйғарады. Аралдағы жалғыз адам болса да ондағы өміріне дән риза. Буделлиге ғашық болғаны соншалық, жер жәннатымен теңестіреді. Буделли аралы Сардиния мен Корсиканың арасында орналасқан.

Буделли аралы

Жыл сайын аралды көруге көптеген турист келеді. Аралда ең ұзақ тұрақтаған адам ретінде Мауро National Geographic арнасына берген сұхбатында: “Мен бұл жердің тыныштығын жақсы көремін. Аралдың қысы да жазы да жанға жайлы. Мұнда ешқандай дүлей боран болмайды”, – деді.

Моранди аралдан қайтып бара жатқан туристермен қоштасып тұр. 90 жылдары туристер үшін аралдың шектеулі жерлерін ғана көру мүмкін болды.
“Мен мұнда түрмеде секілдімін, бірақ өзім таңдаған түрме”, – дейді Моранди.

“Мен Буделлиден ешқайда кетпеймін. Өмірімнің соңына дейін осында боламын. Өлгеннен кейін де денем осында қалғанын қалаймын”, – деді қарт.

Моранди қыс мезгілінде желмен тербелген теңізді тамашалағанды ұнатады.
Моранди өзін ешқашан жалғыз сезінбейді. Өйткені оның айналасы қайнаған өмір.
Моранди үйінің артында шөп жұлып жатыр. Оған азық түлікті екі аптада бір рет жеткізіп тұратын адам бар.
Моранди өте көп оқиды. Әсіресе қыс айында.
Моранди сағаттап теңізге қарап отырудан жалықпайды. Ол Буделли аралын сұлулықтың символы деп есептейді.

Жақын арада Мауроның өмірінде өзгеріс болуы мүмкін. Қуатты интернет-провайдер аралға сымсыз желі жеткізуді жоспарлап отырғанын айтқан. Мауро бұл жаңа өзгерісті құптайды. Оның ойынша 28 жыл ғұмырдың аралда өткендігі әлем халқына таңсық болуы мүмкін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз