Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында не деді

0
64
дереккөзден

БҰҰ Бас ассамбелясының 73-ші сессиясында АҚШ басшысы Дональд Трамптың бастапқы мәлімдемесін зал күле қарсы алды. Трамп Ақ үйге өзі иелік еткеннен кейін АҚШ-тағы орын алған жайттарға жекелей тоқталды. “Екі жылдың ішінде-ақ” Трамп өзінің бұған дейінгі әріптестері дәл сол уақытта жете алмаған жетістіктерге қол жеткізгенін алға тартты. Трамптың бұл сөзінен кейін зал күлкіге қарық болды.

“Мұндай реакция күтпедім, дегенмен, бәрі қалыпты”, – деген Ақ үй басшысы төмендегі жайттарға баса тоқталды.

– Екі жылдың ішінде Трамптың әкімшілігі бұған дейін АҚШ президенттерінің әкімшілігінен қарағанда үлкен жетістіктерге қол жеткізді. АҚШ қуатты, бай әрі қауіпсіз бола бастады.

  • Жаһандық сауда жүйесіне өзгерістер қажет. АҚШ сауда дисбалансын қалыпқа келтіруде жұмыс жасауда, сондықтан, бірқатар мемлекеттермен сауда келісімдерін қайта қарап жатыр.

  • OPEC елдері бар жаһанды тонап жатыр. Трамп бұл елдердің мұнай бағасын шарықтатпай түсіруін сұрайды.

  • Сириядағы дағдарысты шешуде қабылданатын кез келген шешім Иранға қатысты стратегияда болуы қажет.

  • АҚШ бар жаһаннан Иран өзінің басқындық әрекетін доғарғанға дейін иран режимін оқушаулауға шақырады; Иранға қарсы кезекті санкциялар 5 қарашада қалпына келтіріледі.

  • Ғаламшар халқы социализм тудырып отырған қиындықтарға қарсы тұруы қажет, барша мемлекет АҚШ-тың Венесуэладағы демократияны қалпына келтіруге қатысты ұстанымына қосылуы қажет.

  • АҚШ нақты реформалар жүзеге асқанға дейін БҰҰ адам құқықтары бойынша кеңесінің құрамына кірмейді.

  • Трамп сондай-ақ, миллиондаған адамдарды кедейліктен “орта тапқа” жеткізе алған Үндістан туралы жоғары пікір білдірді. Сауд Арабиясының қуатты реформаларына оң қабақ танытты. Израильді гүлденіп келе жатқан демократиялық халық ретінде сипаттап, Польшаны өз егемендігін қорғайтын ел деп атады.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз