Физика саласында Нобель сыйлығын иеленген үшінші әйел ғалым кім?

0
195
Донна Стрикленд

2 қазан күні Швеция ғылым академиясы физика саласы бойынша 2018 жылғы Нобель сыйлығының иегерлерін жариялады.

Аталмыш сыйлықты иеленген үш ғалымның бірі канадалық Донна Стрикленд болатын. Ол Физика саласында Нобель сыйлығын алған үшінші әйел ғалым.

Стрикленд Канаданың Онтарио провинциясындағы Гуэлф қаласында 1959 жылы дүниеге келген. 1981 жылы Канаданың мемлекеттік Макмастер университетін инженерлік физика мамандығы бойынша тәмамдаған. Докторлық диссертациядағы жетекшісі өзімен бірге Нобель сыйлығының лауреаты атанған Жерард Мору болған. Мору мен Стрикленд бұл салада “желілік жиіліктегі импульс” деген атпен белгілі өте қысқа және жылдам лазерлік импульстерді дамытқан. Бұл зерттеулер өнеркәсіп пен медицинада кең қолданылады.

Бүгінде Донна Стрикленд Канададағы Уотерлу университетінің қауымдастырылған профессоры.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз