АҚШ Қытайға мұнай жеткізуді тоқтатты

0
73
дереккөзден

АҚШ Қытайға мұнай жеткізуді тоқтатты. Бұған себеп аспан асты мен Құрама Штаттар арасында өрбіген сауда қақтығысы. Аталған ақпармен China Merchants Energy Shipping компаниясының басшысы Се Чуньлин Гонконгта өткен өнеркәсіп конференциясында бөліскен.

Reuters ақпарына сәйкес, Се Чуньлин “Компания АҚШ-тан Қытайға мұнай жеткізетін тасымалдаушы. Сауда қақтығысына дейін ісіміз жақсы жүрген еді, бірақ қазір бәрі тоқтатылды”, – деп мәлімдеген.

РБК агенттігі Refinitiv Eikon деректеріне сүйене отырып, АҚШ-тан Қытайға мұнай жеткізу қыркүйек айында тоқтатылғанын хабарлайды.

Reuters шілдеде Қытайға 10,5 млн баррель АҚШ мұнайы жеткізілгенін, ал тамызда мұнай жеткізу 9,7 млн баррель болғандығын мәлім етті. АҚШ-тан Қытайға мамыр айында көп көлемде яғни 13,9 млн. баррель мұнай жеткізілген.

АҚШ-Қытай сауда қақтығысы

Трамп сайлау алды кампаниясында АҚШ-қа тиімсіз сауда келісімдерін қалыпқа келтіремін деп уәде берген еді. Қытай мен АҚШ бір-біріне бірнеше рет салықтармен қарымта қайтарды. 18 қыркүйекте Трамп бірқатар қытай тауарларына 200 млрд доллар көлемінде салық салынатынын мәлімдеді.

24 қыркүйекте 10 % салық салынса, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтар 25 %-ға дейін өседі.

Өз кезегінде, Қытай 24 қыркүйекте АҚШ тауарларына 5% және 10% аралығында, жалпы есепте 60 млрд доллар көлемінде салық салды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз