12 қазан күні Тәуелсіздік сарайында “ASTANA EDUCATION FAIR 2018” атты әлемдік және отандық үздік университеттердің көрмесі өтті. Көлемді білім көрмесі биыл жетінші рет ұйымдастырылды. Қазақстанның Алматы, Атырау қалаларында басталған жоба Елордада жалғасын тапты.
Көрменің бас ұйымдастырушысы NOVA Education директоры Ерден Шаймерденнің айтуынша жыл санап оқушылар мен университеттердің саны артып келеді.
“Астана қаласында 4000 мыңға жуық оқушы қатысады деген үміт бар. Жалпы 40 шақты жоғарғы оқу орындары қатысып жатыр. Оның 10-нан астамы алыс-жақын шетелдік университеттер. Көрменің бір ерекшелігі тек шетелдік оқу орындарын ғана таныстырумен шектелмей, Қазақстандағы университеттердің де сапасын, білімін салыстыруға мүмкіндік береді. Тағы бір айта кетерлігі, үздік оқушылар үшін түрлі білім гранттарын ұтып алу мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, бұл көрмелер арқылы оқушылар білім алғысы келетін жоғарғы оқу орындарымен тікелей байланыса алады”, – деді ол.