Сочида өткен ХІХ Бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестивалінде бірінші TransformNation Film Awards халықаралық киножүлдесінің лауреаттары анықталды. Бас жүлдені көрермендер өздері анықтады. Аталған бас жүлде қазақстандық режиссер Әмір Байғаринге «Раненный ангел» фильмі үшін табысталды деп хабарлайды ТАСС.
«TransformNation Film Awards бас жүлдесін «Раненный ангел», Қазақстан, Германия, Франция, режиссер Әмір Байғарин алады», – деп хабарлады жүлдені ұйымдастыру комитетінің төрағасы, ВФМС-2017 шығармашыл продюсері Илья Бачурин.
Режиссер Федор Бондарчук басқарған сарапшылар кеңесі Байғаринді «Жас ұрпақтың проблемалары мен армандарына назар аудару» аталымында да атап өтті.
«Қазіргі әлемнің мәдени әртүрлілігін және оны мекендейтін халықтарды құрметтеу» аталымын «Жасыл ақ жасыл» кинокартинасы үшін нигериялық режиссер Абба Макама жеңіп алды. Ресейлік Иван Твердовский «Зоология» картинасы үшін «Шекараларды еңсеретін жандарға шексіз көңіл аударғаны үшін» аталымында марапатталды. «Қазіргі заманғы қиындықтарды тікелей талқылау үшін» аталымында ең ерекше деп танылған қытайлық Пенг Фей Сонгтың «Күріш дәмі» картинасы танылды. «Адами құндылықтарды нығайту және үздік адами қасиеттерін насихаттау үшін» аталымында топ жарған Үндістаннан келген Амит Масуркардың «Ньютон» фильмі болды.
Атап өтерлігі, TransformNation Film Awards номинаттар тізімінде 35 жасқа дейінгі 22 режиссердің фильмдері ұсынылды. ХІХ Бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестивалі Ресейде 14-22 қазан аралығында өтеді. Форум қатысушылары 25 мың жастар – қоғамдық ұйым өкілдері, оқытушылар мен саясаткерлер.
Отандасымыз сценарист, кинорежиссер Әмір Байғарин бұған дейін деюбтті «Уроки гармонии» толық метражды кинокартинасы арқылы Халықаралық Берлин кинофестиваліне қатысқан тұңғыш қазақстандық режиссер.
Сабина Сайлаубай