Өзбекстан Түркия азаматтарына виза беруді жеңілдетті

0
75
ашық дереккөзден алынды

Өзбекстан Түркия азаматтары үшін визалық рәсімдерді оңайлатты деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Тиісті жарлыққа Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қол қойды.

Аталған шешім екі елдің саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени салалардағы ынтымақтастығын нығайту мақсатында қабылданды.

«Құжат виза беру тәртібін жетілдіруге және елімізге іскерлік және туристік мақсатта келген түрік азаматтарына қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етеді», – деп хабарлады Өзбекстанның туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитеті.

Сондай-ақ Өзбекстанға турист ретінде келген Түркия азаматтарына туристік ваучерлерді және туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитеттің және республиканың басқа да туристік ұйымдарының шақыруларын ұсыну туралы талаптың күшін жоюмен рәсімделеді.

Атап өтерлігі, Өзбекстан Республикасының Үкіметі сондай-ақ оңайлатылған тәртіпте Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Франция, Германия, Испания, Италия, Швейцария, Чехия, Латвия, Малайзия, Таиланд және Жапония азаматтарына виза береді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз