Мемлекет басшысы Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады

0
46
ашық дереккөзден алынды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы В. Путинді Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толуымен құттықтады.

«Біздің мемлекетаралық қатынастарымыз ХХІ ғасырдағы екі жақты тату көршілік пен одақтастық туралы 2013 жылғы 11 қарашадағы екі жақты Шарттың ережелері мен рухына сәйкес дамып келеді. Біздің мемлекеттеріміздің Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, ТМД, ШЫҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық сенім мен өзара түсіністікке негізделген Астана мен Мәскеу арасындағы стратегиялық әріптестікті дамытудың маңызды элементі болып табылады», – деп мәлімделеді құттықтау жеделхатында.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президентіне денсаулық пен  жоспарларды жүзеге асыруда табыстар тіледі, сондай-ақ достас Ресей халқына – одан әрі өркендеу мен гүлденуге ниеттестігін жеткізді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз