Нұрлан Нығматулин Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады

0
36

Бүгін Мәжілісте Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарниковты қабылдады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлайды.

Осы жылғы мерейтойлық күн – дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай, Мәжіліс Төрағасы аталған кезеңде Қазақстан-Ресей одақтастық ынтымақтастығы ТМД кеңістігінде интеграциялық дамудың маңызды факторы ретінде белгіленгенін атап өтті.

Н.Нығматулин атап өткендей, екі елдің көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің өзара түсіністік пен достыққа негізделген тиімді бірлескен жұмысы арқасында әр түрлі салалардағы екі жақты ынтымақтастықтың жоғары нәтижелеріне қол жеткізілді.

Тараптар екі ел парламентшілерінің арасындағы байланыстарды нығайтуды талқылады. Өз кезегінде М.Бочарников Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктеріне тоқтала отырып, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту екі жақты өзара қатынастардың маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз