24 қазан Астанада БҰҰ күні атап өтіледі

0
90

2017 жылғы 24 қазан күні Астанада жыл сайынғы үрдіс бойынша 1945 жылы БҰҰ Жарғысының күшіне енуінің белгісі болып табылатын БҰҰ Күнін атап өтілетін болады.

Аталған шара аясында, еліміздің алты жоғарғы оқу орындарының (КАЗГЮУ Университеті, Назарбаев Университеті, Еуразиялық Ұлттық Университет, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, КИМЭП, Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) студенттері 17 Тұрақты Даму Мақсатының бірін өздерінің қалай көретінін шығармашылық нысанда (бейне, би, ән, флэш-моб және т.б.) ұсынатын болады.

17 мақсат – бұл БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің барлығы қабылдаған 2030 жылға дейінгі әлемнің жаңа күн тәртібі. Бұл мақсаттар кедейлікті жоюға, ғаламшар қорларын сақтауға және барша халықтың амандығын қамтамасыз етуге бағытталған.

БҰҰ күнін атап өту барысында, БҰҰ Агенттіктерінің, Сыртқы істер министрлігінің, дипломатиялық корпустың, БҮҰ, жекеменшік сектордың және қатысушы университеттердің өкілдерінен құралған қазылар алқасы ең үздік үш жұмысты және көрермен көзайымы жүлдесінің иегерін таңдайтын болады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз