ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкімет отырысында қазақстандық білім жүйесіндегі бірқатар өзгерістер туралы баяндады.
Білім министрі “Гранттар санын өсірумен қатар жоғары білім алуға бағытталған бірқатар шаралар қабылдануда. Біріншіден, келесі жылдан бастап ҰБТ жыл ішінде қаңтар айында басталып, бірнеше рет өткізіледі. Екіншіден, қаңтардан бастап мектеп түлектері үшін ақылы негізде оқуда шартты түрде түсуге мүмкіндік беріледі”, – деп мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, болашақта магистратураға қабылданудың да жаңа моделі енгізілуде. Оның негізі бакалавриатқа қабылдау моделіне ұқсас. Сондай-ақ магистратурада гранттар студенттерге беріледі және жоғары оқу орындарын таңдау мүмкіндігі болады.
Сонымен қоса, шетел азаматтары үшін елде шәкіртақылық бағдарламалар енгізілді. Жоғары оқу орындарында шетел азаматтарының оқу жылы кезінде оқуға қабылдау мүмкіндігі қарастырылған.