Саудия Королі өлтірілген журналистің отбасы мүшелерімен кездесті

0
160
spa.gov.sa

Оқи отырыңыз: Жымысқы операциялар – Хашыкжының өліміне кім кінәлі?

Сауд Арабиясы билігі Түркия аумағында қазан айының басында өлтірілген Washington Post басылымының журналисі Жамал Хашыкжының отбасы мүшелерімен кездесіп, көңіл айтты. Журналистің ұлы мен ағасын Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбдел Әзиз әл Сауд пен Корольдіктің мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман қабылдады.

spa.gov.sa

Жеке кездесу барысында Король қаза тапқан журналистің отбасы мүшелеріне қайғыға ортақ екенін жеткізді. Кездесуге қатысты басқа ақпар хабарланбайды.

Еске салсақ, қазан айының басында Washington Post басылымының журналисті Жамал Хашыкжы Стамбұлдағы Сауд Арабиясының елшілігіне қалыңдығымен некелесуге қатысты құжаттарды рәсімдемек болып, елшілікке кірген бетінен кейін шықпаған. Ресми Эр-Рияд кейіннен журналистің өлтірілгенін хабарлады.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз