Жымысқы операциялар – Хашыкжының өліміне кім кінәлі?

2
79
дереккөзден
Хашыкжының өліміне қатысты АҚШ-тан алғашқы шектеу шаралары
Mark J. Terrill/AP/ Майк Помпео

Құрама Штаттар журналист Жамал Хашыкжының өлтірілуіне қатысты саудиялықтардың визасын жоюға ниет  танытты. Бұл туралы 23 қазан Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео мәлімдеді. Қолға алынған шаралар “соңғысы емес” деп атап өтті М. Помпео. Аталған шектеу шарасы журналистің өліміне қатысы бар Сауд Арабиясының 21 азаматына қатысты деп хабарлайды кейінірек Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Хизер Нойерт.

Deutche Welle басылымының ақпарына сәйкес, АҚШ мұндай “аяусыз әрекеттерге көз жұмып қарамайды”, – деп мәлімдеген Помпео. Мемлекеттік хатшының айтуынша, Вашингтон Хашыкжының өліміне қатысы барларға қатысты қаржылық санкциялар салу жайын да қарастырып жатқандарын алға тартты.

Бұған дейін дәл осы күні Sky News телеарнасы Хашыкжының денесінің кей мүшелері Сауд Арабиясының Түркиядағы елшілігінің саябағынан табылғанын хабарлаған еді. Дегенмен, аталған ақпар нақты расталмады.

Сауд Арабиясы журналистің өлтірілгенін мойындады
Хашыкжы қалыңдығымен/дереккөзден

АҚШ-та тұрған 59 жастағы Washington Post басылымының сарапшысы Жамал Хашыкжы 2 қазанда қалыңдығымен некеге тұру үшін бірқатар құжаттарды реттеу мақсатымен Сауд Арабиясының Түркиядағы елшілігіне бас сұққаннан кейін жоғалып кетті. Ал 19 қазанда Сауд Арабиясы журналистің қасақана өлтірілгенін мойындады. Ресми Эр-Рияд берген ақпарға сәйкес, елшілікте “төбелес” болып, салдарынан Хашыкжы қаза тапқан. Алайда бұған дейін түрік және АҚШ басылымдары Хашыкжы қасақана өлтірілді деген ақпар таратқан еді.

Трамптан Саудияға сарказмға толы жауап
дереккөзден

АҚШ басшысы Дональд Трамп Сауд Арабиясының Хашыкжының өліміне қатысты берген мәлімдемесіне “аңыз тарихындағы ең нашары” деп баға берді. “Олардың бастапқыда-ақ жоспарлары қара ниетті болған, әрі жоспарды нашар орындаған, бұл аңыз  аңыздардың ішіндегі ең нашары”, – деген сарказмға толы пікір білдірді Ақ үй басшысы.

Трамп Сауд Арабиясына қатысты шешім қабылдауды Конгрестің еншісіне қалдырып, дегенмен, заң органдарына да қарап қалмауды тапсырды. Бұған дейін Трамп Хашыкжынының өліміне Эр-Риядтың қатысы бары расталса, Саудияны қатаң жазалайтынын алға тартты. Дегенмен, АҚШ басшысы Сауд Арабиясымен қару-жарақ мәмілесін бұзуға ниетті емес. Бұны Трамп Сауд Арабиясында қару-жарақты жеткізуді қамтамасыз ететін америкалықтарды жұмыссыз қалдырғысы келмейтіндігімен түсіндірді.

“Хашыкжының дене мүшелері бөлшектеліп, азаппен өлтірілген”

Хашыкжының жоғалып кеткен күнінен бері түрік басылымдары түрлі ақпарлар тарата бастады. Yeni Safak басылымы Хашыкжыны тек өлтіріп қана қоймай, тірідей хирургиялық арамен денесін бөлшектеген деген ақпар таратты. “Журналистің денесін бөлшектеуді саудиялық сот сараптамашысы Салах Мұхаммед әл-Тубаиги жүзеге асырған”, – деп жазады басылым. Бұл тақырыпты бірден жаһандық басылымдар іліп әкетті. Хашыкжыны қинап өлтіру әрекеті журналистің қолындағы “ақылды” сағатына жазылып қалған, деп хабарлайды The New York Times. Дегенмен, бұл ақпар ресми расталмады. Журналисті қасақана өлтірмек болғандар Хашыкжының Стамбұлға келген күні із суытпай ұшақпен келгендері хабарланады. Бұлар елшіліктің жанына жақын орналасқан қонақ үйге тұрақтаған саудиялық 15 азамат болуы ықтимал деген ақпарлар да жоқ емес. Түрік басылымдары қазір Хашыкжының өліміне қатысы бар деп ұсталғандардың қатарында елші Мұхаммед әл-Утайби болуы да ықтимал деген ақпар таратты. Washington Post баслымында Хашыкжы жылдан артық уақыт жұмыс істеген. Сауд Арабиясынан өзіне қауіп-қатер төнгеннен кейін көшіп кеткен.

Өлімге не түрткі болуы ықтимал?

Хашыкжы Сауд Арабиясы билігін, атап айтқанда Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен-Салманды сынаған. Тек Саудияны ғана емес, сонымен қатар көршілес араб елдеріне қатысты да сыни пікірлерін ашық білдіріп отырған. Мәселен, журналистің соңғы шыққан мақалаларының бірінде араб елдерінде тұратындардың өз өмірлеріне қатысты кез келген жағдайды ашық бағалап, ой түйін жасай алмайтындарын, мемлекеттік БАҚ халықтың санасын улап біткендігін айтқан.

Хашыкжы кім?
дереккөзден

30 жылдан артық уақыт бойы Хашыкжы жоғарыда аталған жүйенің бір бөлігі болған. Өз мансабын әскери тілші ретінде бастап, Ауғанстандағы кеңес кампаниясының жұмысына қатысты ақпарат таратып отырған, сонда жүріп кейіннен Ливия басшысы болған Усама бен-Ладенмен танысқан. 90 жылдары сауд королі әулетіне жақын жандардың бірі болған. Хашыкжы британиялық ханшайым Диананың сүйіктісі болған әрі онымен бірге жол апатында қаза тапқан Доди әл-Файедтің немере бөлесі . Журналистің немере ағасы мысырлық миллиардер Мұхаммед әл-Файед. Ол Al-Watan деген ықпалды басылымды басқарған.

“Хашыкжы қасақана өлтірілген” – Ердоған
дереккөзден

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 23 қарашада саудиялық журналистің өлімі қасақана жоспарланғандығын мәлім етті. “МК-Турция” басылымының ақпарына сәйкес, Ердоған 1 қазанда (Хашыкжының өлімінен бір күн бұрын -ред) Түркияға Сауд Арабиясына берілген үш топ келгендігін, олардың елшілікті торып, Белград орманы мен Ялова провинциясына барғандығын хабарлады. Түркия басшысының сөзінше, Хашыкжының өлтірілетін күні Эр-Риядтан келген арнайы мамандар Саудияның Түркиядағы елшілігіндегі бейнебақылау камерасын істен шығарып тастаған. Ердоған журналистің өліміне қатысы барларды жазаға тартуды шақырды.

Сан түрлі операция
дереккөзден

CNN телеарнасы Саудияға берілгендердің Хашыкжише киініп алып, стамбұл көшелерін аралағаны туралы хабар таратты. Телеарна ақпарына сәйкес, бұған бейне бақылау камераларына түсіп қалған жазбалар куә. Көрсетілген кадрларда айқындалғандай, 2 қазан күні Хашыкжы Сауд Арабиясы елшілігіне қою түстес пиджакта, сұр жейде мен сұр шалбарда барған. Телеарна хабарлағандай, бірнеше сағаттан кейін Хашыкжы сияқты киінген адам Стамбұлдағы Көк мешіттің жанында қаланы аралап жүрген. CNN бұл адамның Сауд Арабиясына берілгендердің бірі әрі Хашыкжы өлетін күні Стамбұлға келген 15 саудиялықтың қатарында болған Мұстафа әл Мадани деп хабарлайды.


Дәлелдердің барлығы журналист Жамал Хашыкжидің өліміне Сауд Арабиясы кінәлі деп көрсеткенмен, Түркия мен АҚШ бұл істе Саудияға жаза таққысы келмейтін сыңайлы. Бұл туралы Financal Times басылымына Катрина Мэнсон, Лора Питель және Эндрю Ингланд саяси мақала жариялады. Қанша дегенмен, америкалықтар үшін саудиттер Таяу Шығыстағы басты серіктестердің бірі. Өз кезегінде, Хашыкжының өлтірілуіне қатысты ақпар тараған сәтте Ақ үй бірден қатал баяндамалар жасай қоймады. Тіпті Трамптың өзі не болса да, Сауд Арабиясына қару-жарақ жеткізілу тоқтатылмайтынын атап өтті.

 

Safina Said

2 ПІКІРЛЕР

  1. Түркияда өлтірілгені қызық екен. Қанша дегенмен үш мемлекет арасындағы дау-дамайға себепкер болмаса. Азаптап өлтіргендері нағыз оңбағандық қой!!

  2. Да ниче они делать не будут так как Эр-Рияд и США друзья навеки. Трамп проста тупо надевает маску. Все они знают за что его убили там расчленили. Это типа иллюзия для народа проста.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз