Отандық команда қол күрестен әлемдік додада 16 медаль иеленді

0
98

Венгрияда қол күрестен өткен әлем чемпионатында жамбылдық спортшылар 16 медаль иеленді.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне сүйенсек, чемпионатқа әлемнің 44 мемлекетінен мыңға жуық спортшы қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсеткен жамбылдық қол күресшілер 8 алтын, 5 күміс және 3 қола – барлығы 16 медальды қанжығалады.

Қазақпарат хабарлағандай, жалпы командалық есепте бірінші орын Қазақстанның еншісінде. Екінші орында – Ресей, үшінші орынды Венгрия місе тұтты.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз