Астана процесінің 11 кезеңінде босқындар тағдыры басты тақырыпқа айналады

0
127

Сирия дағдарысына байланысты Астана процесінің кепілі болып табылатын елдер арасында қол жеткізілген келісімге сәйкес Түркия, Ресей және Иран елдері өкілдері 28-28 қараша Астанада кезекті он бірінші жоғары дәрежедегі келісімсөздер алаңына жиналады. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Үкімет отырысынан кейін мәлімдеді. 

Астана процесіне кепіл елдердің мәліметіне сәйкес Сирия дағдарысына байланысты өткізілгелі отырған 11 жоғары дәрежедегі келісімсөздер алаңында тараптар Идлиб аймағына байланысты мәселелерді қарастырмақ. Сонымен қоса босқындардың қайта оралуына жағдай жасау және Сирияда жанжалдан кейін ел жағдайын қалпына келтіру мен сенімді нығайту туралы мәселелер талқыға салынатын болады.

Сирия мәселесіне байланысты келіссөздердің 11 кезеңіне кепілгер ел ретінде әдеттегідей Ресей, Түркия және Иран елдері өкілдері қатысатын болады. Сондай-ақ, бұл кездесуге Сирия Араб Республикасының делегациясы мен сириялық қарулы оппозиция өкілдері шақырылған. Бақылаушы ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Сирия мәселесі бойынша арнайы өкілі мен иорданиялық делегат қатысатын болады.

Келіссөзде кепіл елдердің өкілдері БҰҰ босқындар ісі жөніндені комиссары халықаралық ұйымымен және халықаралық Қызыл крест ұйымымен тығыз байланыс орнатпақ ниетте.

Сирия дағдарысы бойынша келіссөздердің 11 кезеңінде босқындар мен дағдарыс уақытында бозып кеткен Сирия халқының қайта оралуы басты тақырыптардың біріне айналады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз