АҚШ президенті Дональд Трамптың сынына бұл жолы террористік ұйым «Аль-Каиданың» басшысы Усама бен Ладенді жою операциясын басқарған зейнеткер Адмирал Уильям Макрауен ілінді. Бұл туралы The Hill хабарлады.
Басылымның хабарлауынша, АҚШ көшбасшысы Fox News-қа берген сұхбатында Бен Ладенді Құрама Штаттардың ертерек қолға түсіруіне болатындығын айтқан. “Әрине, АҚШ Усама бен Ладенді ұстауға ұзақ уақыт жұмсады. Мен бұл туралы Дүниежүзілік сауда орталығына шабуыл жасалмай тұрып кітабымда жазғанмын. Президент Клинтон сәтсіздікке ұшырады”, – деді Трамп.
АҚШ лидерінің бұл мәлімдемесі де сынға ұшырады. Бірнеше журналист Американың Бен Ладенді ұстауға асықпағандығын жоққа шығарды. АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс министрі Леон Панетта бұл сөзімен Трамп қарулы күштердің бас қолбасшысы лауазымын төмендететінін мәлімдеді.
Lenta.ru хабарлауынша, президент Трамп 26 тамызда 82 жасында қайтыс болған сенатор Джон Маккейнді де сынады. Уақытында Маккейн Ақ үйдің қазіргі иесінің саясатына қарсы екендігін білдірген еді. Атап айтсақ, екеуінің арасындағы от Маккейн денсаулық сақтау реформасына қарсы пікір айтқаннан соң тұтанған болатын.