Калифорниядағы өрт 83 адамның ғұмырын қиды

0
114
Парадайс қаласындағы өртенген үйдің орны. Калифорния штаты, АҚШ, 15 қараша 2018 жыл.

АҚШ-тың Калифорния штатындағы өрт құрбандары саны 83 адамға жетті. Ал 560 адам із-түзсіз жоғалған. Жергілікті билік жоғалғандардың көбі тірі болуы мүмкін екенін айтады.

Калифорнияда орманнан шыққан өртті сөндіре алмай жатқанына екі аптадан асты. Өрттен 200 мың адам басқа жаққа көшіріліп, 14 мыңға тарта үй өртеніп кетті. Кеше Калифорнияның солтүстігінде бірнеше айдан бері алғаш рет жаңбыр жауды. Жаңбыр төтенше жағдай қызметкерлерінің өртті сөндіруіне аз да болса сеп болды. Алайда, енді із-түзсіз жоғалғандарды іздеп жатқан құтқарушыларға қауіп төніп отыр.

Штаттың кейбір округтерінде төтенше жағдай жарияланған. АҚШ билігі мұны елде соңғы жүз жылдағы адам ең көп қаза тапқан ірі өрт деп бағалап отыр.

Азаттық радиосының хабарлауынша, бұған дейін жергілікті билік өрт үш аптада сөндірілуі мүмкін екенін айтқан. 12 қарашада АҚШ президенті Дональд Трамп Калифорнияны ең ірі табиғи апат аймағы деп жариялаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз