25 қараша күні Брюссельде бас қосқан Еуропа Одағына мүше 28 елдің жетекшілері одақ құрамынан Ұлыбританияның шығуы туралы келісім жобасын мақұлдады. Бұл туралы бір сағатқа жуық созылған жиыннан соң Еуропа кеңесінің басшысы Дональд Туск хабарлаған. Келісім жобасымен қоса саяси декларация да мақұлданды.
Бұған дейін, Британ премьер-министрі Тереза Мэй Ұлыбританияның Еуропа одағы құрамынан шығуының шарттары жөнінде жексенбі күні Еуроодақ лидерлері мақұлдаған келісім – “жалғыз мүмкіндік” екені туралы мәлімдеген.
Азаттық радиосының ақпаратына сүйенсек, Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде Мэй британ қоғамы мен парламент депутаттарын келісімді қолдауға шақырды. Сонымен қатар Британияның Еуропа одағынан шығуына қатысты тағы бір референдум мүмкіндігін жоққа шығарып, “сайлаушылар өз таңдауын жасағанын” айтқан.