Қазақстанда алғаш рет Ми-8АМТ тікұшағы құрастырылады

0
247
Сурет: ҚР Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің баспасөз қызметі.

17 қаңтар күні Астанада «Қазақстан инжиниринг» АҚ, «№405 ұшақ жөндеу зауыты» АҚ мен «Ресей тікұшақтары» АҚ, «Ростех» мемлекеттік корпорациясы арасында Қазақстанда Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшақтарын құрастыру жөнінде келісімшартқа қол қойылды. Бұл жөнінде ҚР Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құжат Қазақстан мен Ресей президенттерінің арасындағы келісімге сәйкес жасалды.

Vesti.kzхабарлауынша, тікұшақтарды құрастыру мен тапсырыс берушінің талаптарына сай келуін «№405 ұшақ жөндеу зауытының» өндірістік учаскелері қадағалайды. Компанияның қазақстандық және халықаралық органдармен Mi-8/17/171 типті тікұшақтарды жөндейтін, жаңартатын және қызмет көрсететін сертификаты бар. Сондықтан, «Қазақстанда осы типтегі тікұшақтардың қауіпсіз ұшуын қамтамасыз етуге үлкен құзыреті бар», – деді мамандар.

 «Қазақстанда алғаш рет ауыр тікұшақ құрастыру технологиясы енгізілді. Ал техниканы жинау өндірісі бюджет инвестициясын қажет етпейді. Тікұшақ құрастыру өндірісі – отандық қорғаныс өнеркәсіп кешені, азаматтық тікұшақ индустриясы, оқу базасы және т.б. маңызды бағыттарды дамытуды мақсат етеді», – деді министрлік қызметкерлері.

 Mi-8AMT/Mi-171 тікұшағын М.Л. Мил атындағы Мәскеу тікұшақ зауыты жасаған. Оны жолаушы тасымалдауға, салмағы 4000 кг-ға дейінгі жүктерді жеткізуге, іздестіру, құтқару және өрт сөндіруге қолдануға болады.

Бүгінде Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс, Африка, Еуропа, Латын Америкасы және ТМД елдерінде 1000-нан астам тікұшақтың осы түрі қолданылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз