Ислам Каримовтың ұшағы сатылды

0
131
Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов пайдаланған British Aerospace Avro RJ85 ұшағы

Өзбекстанда 1997 жылы ел билігіне әдейі арнап құрастырылған Uzbekistan Airways компаниясына тиесілі үш ұшақтың бірі сатылды. Бұл туралы AviaSpotter сайтының Telegram-арнасына сілтеме жасаған Азаттықтың радиосы хабарлады. 

British Aerospace Avro RJ85 (борттық нөмірі UK-80001) ұшағын Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов пайдаланған. Бұл ұшақпен Каримов 1997-2013 жылдар аралығында елдің түрлі аймақтарына және жақын елдерге ұшқан. Сайттың хабарлауынша, UK-8002 және UK-80003 ұшақтары да сатылуға дайын тұр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз