Еуропа Ғарыш Агенттігі Айда кен қазады

0
3,719
Ай

Еуропа Ғарыш Агенттігі алдағы жыл ішінде Айда кен қазу жұмысын жүргізу үшін ғарыш кемесін ұшыратын Ariane Groupпен келісімшартқа отырды.

Еуропа Ғарыш Агенттігі алдағы 6 жылда Айда кен қазу жұмысымен айналыспақ. Бұл мақсатқа жету үшін дүйсенбі күні ғарыш кемесін ұшыратын ArianeGroup (Airbus және Safran бірлескен кәсіпорнымен) келісімшартқа қол қойды. Бір жылға жасалған келісімшарт (Айдың бетіндегі оттегі және су болуы мүмкін топырақ пен жартастарда) кен қазу жұмысын жүргізуге жол ашады. Бұл топырақ пен жартастар Айда салынатын базаны құру үшін пайдаланылуы мүмкін.

Бұл тапсырма үшін Ariane 64 ұшыру құралы қолданылады. Еуропалық ғарыш агенттігі (ESA) ArianeGroup-қа осы ұшу технологиясын әзірлеуді және 2020 жылы әрекет етуге тапсырыс берді.

Ай аспабын немістер бастамасымен PT ғалымдары жасайды. Ғалымдар тобы алғашқы мобильді байланыс желісін құру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Бастама жаман емес

Айта кетейік, Еуропа Айда кен өндіру жоспарын жүзеге асыратын бірінші аймақ емес. Бұл жолда Қытай мен Үндістан да “Гелиум-3” атты аппаратпен  қарқынды еңбек етіп жатыр. “Гелиум-3” – айда ядролық энергия шығаруға арналған құрылғы. Болашақта одан ғарыш аппаратының отыны алынуы мүмкін. Қытай алғаш рет өз аппаратын Айдың жерден көрінбейтін бетіне қондырды.

Қытайдың да мақсаты – Айда база қалыптастыру. Әлемдік сауда шиеленістеріне қарамастан, АҚШ (NASA) пен Қытай бұл салада бірге жұмыс істеп жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз