Германия көмірден толыққанды бас тартуы мүмкін

0
124
Jaenschwalde. Германия. 24 қаңтар. 2019 жыл.

Германия 2038 жылға дейін көмірден толықтай бас тартуды көздеп отыр. Бұл туралы REUTERS агенттігі хабарлады.

ГФР үкіметінің көмір өндіру мәселелері жөніндегі комиссиясы федерал жерлерге көмірден электр көзі ретінде пайдаланудан толықтай жоспарлы бас тарту мақсатында 40 миллиард еуро бөлу туралы шешім қабылдаған. Бұл өңірлер 20 жыл бойында жыл сайын 1,3 миллиард еуро көлемінде субсидия алып отырмақ.

Қосымша 700 миллион еуро Берлиннен келесі 20 жыл бойында федерал жерлер бюджетіне түседі. 2017 жылы ГФР-де электр энергиясын өндіру мақсатында қолданылатын отынның барлық түрінің 40 пайызы көмір жағудан алынып келген. Бұл Германияда соңғы уақытта ушығып отырған ауаның ластануы мәселесінің негізгі себебі. Бүгінде Германияда көмір өндіретін шахта жоқ, соңғысы 2018 жылдың желтоқсанында жабылған. ГФР көмірді өзге елдерден импорттайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз