Саудияда жемқорлықта айыпталған шенеуніктер қызметінен қуылды

0
102
дереккөзден

Жергілікті сайланбалы өзін-өзі басқару ісі бойынша Сауд Арабиясы министрлігі сыбайлас жемқорлықта айыпталған 126 шенеунікті қызметінен аластатты.

РИА Новости ақпарына сәйкес, министрлік шенеуніктердің 15 қаладағы бөлімшелерден қызметінен қуылғанын, қалалар қатарында Эр-Рияд пен корольдіктің экономикалық астанасы Жидда да барын алға тартқан.

2017 жылдың күзінде мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салманның басшылығында Сауд Арабиясы үкіметі жемқорлыққа қарсы кампания жүргізуді бастады. Кампания барысында жемқорылққа қатысты күдікте жүзге жуық полиция қызметкері, кәсіпкерлер мен король әулетінің мүшелері ұсталды, соның ішінде ірі халықаралық салымшы, ханзада Әлвалид бен Талал бар. Бұлардың басым көбі қолдарында бар активтерінің тең жартысын мемлекетке беріп, бостандыққа шыққан еді.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз