Қазақстанда 6 млн теңге жалған ақша тәркіленді

0
125
Жалған ақша. Сурет: 24.kz

Өткен жылы Қазақстанда құны 6,4 млн теңге болатын 1408 жалған ақша белгісі анықталды.

Ұлттық банктің мәліметінше, 1386 банкнот, 22 монета болған. 2017 жылмен салыстырғанда жалған ақша саны 26%-ға немесе 360 данаға азайды.

7kun.kz сайтының хабарлауынша, ең көп жасалған жалған банкноттар 2 мың теңге – 709 дана, 10 мың теңге – 395 дана, 1 мың теңге – 100 дана.

Қадағалау ведомствосының мәліметтері бойынша, жалған ақша саны бойынша Алматы көш бастап тұр. Бұл аймақта 967 дана анықталды. Одан әрі Астана – 120 дана және Шығыс Қазақстан облысы – 115 дана.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз