4 ақпан күні Голливуд жұлдызы Анджелина Джоли БҰҰ арнайы уәкілі ретінде Бангладештегі рохинджа мұсылмандарының лагерінде болып, Мьянманы этникалық топтарға қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды.
Актриса рохинджа халқының өкілдерімен жеке сөйлесті. Ол босқындармен, соның ішінде балалармен және зорлық құрбандарымен кездесіп, әңгімелесті.
“Әрдайым қудаланатын және азаматтығы жоқ отбасыларды көру өте өкінішті. Олар өздерімен мал сияқты сөйлесетіндерін айтады. Сондықтан, Бангладеште рохинджа мұсылмандарына өмір сүру құқығын беріп, мойындағаны және олардың құжаттар мен жеке куәлік алып жатқанына қуаныштымын”, – деді Джоли.
“Олар өз үйлеріне оралуына толық құқығы бар, бірақ олар өздерін қауіпсіз сезінуі керек, олардың қауіпсіздігіне нұқсан келмеуі тиіс”, -деді ол.
Tengrinews.kz хабарлауынша, Джолидің сонда баруының басты мақсаттарының бірі – биыл Мьянмадан көшіп кеткен босқындарды қолдау мақсатында БҰҰ-ға 920 миллион доллар жинауға көмектесу.
Айта кетейік, 2017 жылы тамызда Мьянмадан Бангладешке 730 мың рохинджа мұсылмандары қашқан. Мьянма тұрғындарының көбі буддизмді ұстанады, рохинджа мұсылмандарымен олар ондаған жыл бойы жанжалдасып келеді.