Қытай Түркияның ұйғырларға арналған саяси қайта тәрбиелеу лагерлеріне қатысты мәлімдемесіне қарсылық білдірді. Бұған дейін Түркияның ішкі саясат бөлімінің басшысы Хами Аксой Қытайдағы этникалық ұйғырлардың құқығын құрметтеуге шақырып, күшпен қайта тәрбиелеу лагерлерін жабуды алға тартқан еді. Мұндай лагерлерді түрік тарабы “адамзат үшін масқаралық” деп атады.
ҚХР (Қытай Халық Республикасы) сыртқы істер министрлігінің арнайы өкілі Хуа Чуньин баспасөз конференциясы барысында Түркия сыртқы істер министрлігінің ресми мәлімдемесімен танысқандарын және аталған мәлімдемелерді “жиіркенішті” деп атады. “Біз бұл мәселеге қатысты түрік тарабына мәлімдеме жасадық”, – деді Қытай СІМ басшысы.
2018 жылдың тамыз айының соңында БҰҰ нәсілдік теңсіздікті жою бойынша Комитеті Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономды ауданында бір миллионға жуық этникалық ұйғыр қайта тәрбиелеу лагерлерінде ұсталуы мүмкін деген баяндама жариялады. Алайда Қытайдың сыртқы істер министрлігі аталған ақпардың шындыққа жанаспайтынын алға тартты.
Қытай билігі аталған ауданда кәсіби-техникалық білім беру мекемелері жүйесі құрылғандығын, заң және кәсіби талаптарға сәйкес ортақ сөйлеу тілін меңгертуге бағытталған жұмыстар жүргізілетінін айтады.
Safina Said