Парижде әйелдер де имам бола алатын мешіт салынбақ

0
341

Парижде ер мен әйел қатар ғибадат жасайтын “либерал мешіт” тұрғызуға дайындық басталды. Мешітте ер де әйел де бірге намаз оқып, екеуі де имам бола алады. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Алғаш Францияда басталған жоба “ер мен әйелге дұға етуге, уағыз жасауға және имам болу арқылы қоғамда мешіт түсінігін қалыптастыруға мүмкіндік береді”, – дейді бастамашылар. Бастамашылардың бірі Кахина Бахулул, мұсылмандарға арналған ғибадат орны мешіттердегі діни рәсімдерден әйелдердің сырт қалуын сынайды. Ол Le Monde газетіне берген сұхбатында, өзінің де сол сырт қалған әйелдердің қатарында екендігін айтқан. Көбіне әйел адамдардың мешіттегі орны шектеулі болғандығын алға тартады.

Әкесі католик анасы еврей Кахина Бахулул теология бойынша докторантура оқып жатыр.

Мешіттердегі бұл жағдайға алаңдайтын тек әйелдер емес. Жоба бастамашыларының бірі Факер Корчане де теңдік орын алған ғибадат орындарын салу керек деген пікірде.

Дінге реформа қажет дейді

Зиялылар дін уақытына қарай қайта қаралуы керек деп санайды. Олар діни орындарда талқыланған дискурстың тым консервативті болғанына наразылық білдірді. Сонымен қатар, адамдарды исламда өмір сүруге және Құранды түсінуге жаңа көзқарас қалыптастыру өте маңызды деп санайды.

Жобаны “либерал” деп атаған да бастамашылар. Олар өздерін “білімді мұсылман” болмаса да “мұсылман” екендіктерін айтты.

Euronews хабарлауынша, Франция Еуропада ең көп мұсылман тұратын өлке болса да бірде бір әйел мешітте имам болмаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз