Астанада электроавтобустар жүре бастады

0
60

Астанада электроавтобустар іске қосылды. Бұл туралы “Хабар 24” порталында хабарланды.

Эклектроавтобустар қатты аяздарда да жұмыс істейді. Бұған қоса экологиялық таза темір тұлпарлар отандық көлік өндірісіне үлгі бола алады дейді мамандар.

Электроавтобустардың қала көшелеріне шыққанына көп болмаған. Десе де көліктің ұтымты тұстары бірден байқалады. Автобус тоқтап тұрғанда электр қуаты кетпейді, сондықтан олар дизельді отынмен жүретіндерге қарағанда 3-4 есе тиімді.

Транспортты жөндеу де арзанға түседі, түтін шығармайды. Яғни көлік экологияға зиян келтірмейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз