Оқи отырыңыз: Қазақстан Каспий конвенциясын ратификациялады
13 ақпан күні Әзербайжан Парламенті Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі конвенцияны ратификациялады. Бұл туралы Әзербайжан Парламентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Маңызды құжат “Милли Межлис” отырысында талқыға салынып, депутаттар бірауыздан қабылдаған. Каспийдің құқықтық мәртебесі жөніндегі келіссөздер 20 жылдан аса уақытқа созылған болатын. Былтыр тамыз айында Ақтауда Каспий маңы мемлекеттерінің басшылары бұл мәселеге нүкте қойды. Әзербайжан Парламентінде өткен талқы барысында депутаттар қауіпсіздік, экономикалық жобаларды жүзеге асыру және экологиялық мәселелерді талқылады.