Сауд Арабиясында тік ұшақ апатынан Мансур бин Мукрин ханзадамен бірге бірнеше шенеунік қаза тапты, деп хабарлайды ББС-дің орыс тілді ақпараты.
Апат Сауд Арабиясының әуе кеңістігінде Йемен шекарасына жақын маңда орын алған.
Алдын ала берілген мәліметтерге сәйкес, тікұшақта Ашер провинциясы губернаторының орынбасары қызметін атқарған Мансур бен Мукринден басқа 8 адам болған.
Сауд Арабиясы Йемендегі Хусит көтерілісшілеріне қарсы күресті басқарып келеді. Сенбі күні Патшалықтың әуе қорғанысы Йеменнен Эр-Рияд әуежайына жіберілген зымыранды атып түсірген болатын.
Апат себептері белгісіз.
Жадыра Аманбайқызы