Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады?

0
63

Қазақстандықтар 2017 жылдың желтоқсан айында жалпы саны 13 күн демалатын болады, деп мәлімдейді Tengrinews.kz.

Елімізде 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнінің атап өтілетіндігіне орай жұмадан бастап 1-3 желтоқсан аралығында демалатын болады. 2 желтоқсан (сенбі) – бес күндік жұмыс аптасы бар қызметкерлер үшін демалыс, ал аптасында алты күн жұмыс жасайтын адамдар үшін сенбі жұмыс күні болып септеледі.

16-17 желтоқсан Тәуелсіздік күні. Биылғы жылы Тәуелсіздік күні мерекесі сенбі-жексенбі күндерге сәйкес келеді. Осыған байланысты демалыс күндері аптаның келесі дүйсенбісі мен сейсенбі күндеріне ауыстырылады.

Осылайша аптаның бес күнінде жұмыс жасайтындар қатарынан төрт күн -16, 17, 18, 19 желтоқсанда демалатын болса, алты күндік жұмыс аптасы бар қызметкерлер үшін  18 желтоқсан жұмыс күні деп есептелінеді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз