Дейр-Эз-Зор маңында болған террорлық шабуылдан қаза тапқандардың саны артты, деп хабарлайды РИА Новости.
Сирияның Дейр-Эз-Зор провинциясының маңындағы босқындар лагерінде болған лаңкестік шабуылдың әсерінен қаза тапқан құрбандардың саны 100-ге жетіп, тағы оншақты босқын жарақаттанды.
Еске сала кетейік, жұма күні Сирия әскері Дэйр-Эз-Зорды толықтай лаңкестедің қолынан азат еткенін жариялаған болатын. Дегенмен жексенбі күні түнде жарылғыш зат тиеген автокөлік Дейр-Эз-Зордың солтүстік-батысындағы Конико мен Джафра арасында орналасқан босқындардың лагеріне басып кірді.
Жарақаттанған және қаза тапқандардың басым көпшілігі әйелдер мен балалар.
Жадыра Аманбайқызы
Сурет ашық дереккөзден алынған